«30 игі іс» ұранымен әлеуметтік-қайырымдылық шара Сағатбаева Гүлсараның үйінде


Ізгілікті жанына серік етіп, мұқтаж жандарға қамқор жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы ел алға қадам бастайды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді дана халқымыз. Халқымызда осындай береке-бірлікке шақыратын Асар дәстүрі бар. Игі іспен айналасу, мұқтаж жандарға жақсылық жасау. «30 игі іс» қайырымдылық акциясы Сырдария аудандық кітапханасында да жалғасын табуда . Кітапхана қызметкерлері қайырымдылық акциясы аясында мұқтаж, көмекке зәру жандарға шын жүрекпен, ең бастысы таза ниетпен көмектерін көрсетіп, игі істерімен атсалысуда. Осы ретте, Тереңөзек кенті, Мұратбаев көшесі №8 үйдің тұрғыны, жалғыз басты зейнеткер, науқас , кітапхана ардагері Сағатбаева Гүлсара апайға, барып жағдайын сұрап, үйін жинап беруге ат салысты.