«30 игі іс» ұранымен әлеуметтік-қайырымдылық шара Сексенбаев Алпысбайдың үйінде


Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Сауабы мол «30 игі іс» қайырымдылық акциясы Сырдария аудандық кітапханасында да жалғасын табуда. Кітапхана қызметкерлері қайырымдылық акциясы аясында мұқтаж, көмекке зәру жандарға шын жүрекпен, ең бастысы таза ниетпен көмектерін көрсетіп, игі істерімен атсалысуда. Осы ретте, Тереңөзек кенті, Аманкелді көшесі №7 үйдің тұрғыны, әйелі, балалары қайтыс болған, жалғыз басты зейнеткер Сексенбаев Алпысбайға қол көмек беріп, үйін жинап, қөңілі қаяу жанға жылулық сыйлады.