«30 игі іс» ұранымен әлеуметтік-қайырымдылық шара Тәженов Сәрсеннің үйінде


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығының қарсаңында елімізде «30 игі іс» ұранымен әлеуметтік-қайырымдылық шаралары өтуде. Игі шара Тәуелсіздіктің отызжылдығында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жалпыұлттық деңгейде қолға алынып отыр. Тағдырына налыған мүмкіндігі шектеулі жандарға қиын жағдайда көмектесу, жанынан табылып сүйеу бола білу деген сөз. Көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу сауапты іс. Бұл ежелден қазақ халқының қанында бар ізгі қасиет. «30 игі іс» қайырымдылық акциясы Сырдария аудандық кітапханасында да жалғасын табуда. Кітапхана қызметкерлері қайырымдылық акция аясында мұқтаж, көмекке зәру жандарға шын жүрекпен қол көмегін көрсетіп, игі істерімен атсалысуда. Сондай жандардың бірі, Тереңөзек кенті, Абдулпаттаев көшесі №9/2 үйдің тұрғыны зағип жан, 1-ші топ мүгедегі Тәженов Сәрсенге қол көмек беріп, қыстық отының жарып, бір жерге жинап берді.