«30 игі іс» ұранымен әлеуметтік-қайырымдылық шара Қойшыбаева Саиданың үйінде


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығының қарсаңында елімізде «30 игі іс» ұранымен әлеуметтік-қайырымдылық шаралары өтуде. «30 игі іс» қайырымдылық акциясы Сырдария аудандық кітапханасында да жалғасын табуда. Кітапхана қызметкерлері қайырымдылық акциясы аясында мұқтаж, көмекке зәру жандарға шын жүрекпен көмектерін көрсетіп, игі істерімен атсалысуда. Осы ретте, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай кітапхана қызметкерлері қайырымдылық акция аясында 1984 жылы туылған жұмыссыз, тұрмысы төмен, көп балалы ана Қойшыбаева Саиданың үйіне барып азық-түліктер апарып, көп балалы ананың мерейін асырып, алғысын алды.