Сырдария аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша оқырман конференциясы


«Бір ел – бір кітап» республикалық акция аясында Маусым айының 8 жұлдызында Сырдария аудандық орталық кітапхана «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша оқырман конференциясын онлайн режимде өткізді. Конференцияны кіріспе сөзбен ашқан С.Сейтен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл ұлы Абайдың 175 жылдығын бүкіл ел болып, тұтас халық болып атап өтуді, оның мәңгілік мән-мағынасын жоймайтын ұлы еңбектерін исі қазақ жұртшылығының жоғары дәрежеде насихаттауын атап өткеніне тоқталып өтті. Және «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының биылғы жыл таңдауының екі кітабының бірі М.Әуезовтың «Абай жолы» болып отырғаны аса қуанышты жағдай екенін, осыған орай ұлы ғұламаның өмір жолы мен құнды еңбектері екі еселеніп оқырман қауымға насихатталатынын жеткізді. Конференцияда кітапханашы Г.Әбенова, кітапхананың тұрақты оқырмандары Б.Ахметов, Ф.Маратқызы, А.Серікбаевалар аса белсенділік танытып, 1. Шығарма өзегі ащы шындық; 2. Әз –Аналар және ардақты жандар; 3. Шәкіртсіз – ұстаз тұл; 4. Абай және орыс әдебиеті атты тақырыптарда әңгіме өрбітіп, Абай өміріндегі әз-Аналар, аяулы жандар жайлы, ұлы ғұламаның ағартушылық жолы мен зейінді шәкірттер тәрбиелеуі, орыс әдебиетімен тығыз байланыста болып, қараша елге қамқор болуы жайлы кеңінен әңгімеледі. Сонымен қатар бірнеше жыл ұстаздық қызметте жүрген Н.Сағымбайқызы шығарма жайлы нәрлі сөз айта отырып, өз жүрегінен шыққан арнау өлеңін оқып берді, ал екінші бір ұстазымыз М. Отарбаева көпшілік қауымды М.Әуезов шығармаларын оқуға, сол арқылы ұлы Абайға бір табан жақындай түсуге шақырды.

Опубликовано Сырдарией Аудандық Орталық Кітапханой Понедельник, 8 июня 2020 г.