Ә. Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты романы бойынша әдеби портрет кеші


«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жазушы Ә. Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты романы бойынша әдеби портрет кеші онлайн түрінде ұсынылды.

Шараның мақсаты: жазушы Ә. Әлімжановтың үздік еңбектерін халыққа таныта отырып, жастарды кітапқа деген қызығушылығын арттыру және ынталандыру.

Шара барысында оқырмандар қауымына оқуға ұсынылған,  әр қазақ оқуы тиісті елу үздік шығарманың бірі – Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романының басты кейіпкері сонау X ғасырда өмір кешкен кемеңгер жерлес ғалымымыз, кезінде «Шығыстың екінші ұстазы» атанған Әбунасыр әл-Фарабидің ғибратты өміржолы жайлы айтылып, өз заманының аса ірі ғалымы деген даңққа бөленген ғұламаның дәрігер өнеріне ден қоюы, музыканың теориялық негіздерін зерттегені, логика саласындағы тұңғыш трактаттары Бағдад, Мысыр және Халеб ғұламаларына танымал болғандығы жайлы мағұлматтар беріліп, үзінділер оқылды.

https://www.facebook.com/100029223071082/videos/pcb.405698383747594/405693923748040/