«Қызың үйде – қылығы түзде» атты сыр-сұхпат кеші


15.02.2021

Аудандық орталық кітапханада «Инабат» үйірмесінің мүшелерімен «Өнеге от басынан басталады» тақырыбында сыр-сұхбат сағаты өткізілді. Әрбір ана қыз баласын елге сыйлы, өнегелі, кішіге үлгі болатындай әркез жақсы жағынан көрсем деп өзінің бойындағы өмірден алған тәлім-тәрбиесін үйретумен болады. Міне, сондықтан, анаға кір келтірмейтін, мақтанышы болам деген қыз баланың ойында анаға деген сүйіспеншілік болуы қажет. Осы орайда аудандық орталық кітапхана қызметкерлері «Инабат» қыз-келіншектер үйірмесін ұйымдастырып, жұмыс жасауда. Үйірмеде жас қыз-келіншектер арасында тәрбиелік мәні бар шараларды ұйымдастыра отырып,қыздарды инабаттылыққа, әдептілікке, ізет пен мәдениеттілікке тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарымыздың керемет дүниесін қыздарымыздың бойына сіңдіру, тәрбиелеу.

Мақсаты бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орны, отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық,қайырымдылық үлкенді сыйлауға ілтипатты болуға тәрбиелеу

Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, инабаттылық, кішіпейілділік және қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру мақсатында «Инабат» үйірмесі ашылып,жұмыс жасап келеді

«Қызың үйде – қылығы түзде» атты сыр-сұхпат кеші кітапхана ардагері үйірме мүшелері Матыбаева Раушан, Ізтілеуова Алтын апайлардың және жасөспірім қыздардың қатысуымен өткізілді.

Мақсаты: Қыздарды ұлтымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрып, рухани құндылықтарды құрметтей білуге, ұяңдық пен биязылыққа, инабатты, білімді болуға және жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу Шара барысында апайлар қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту жайлы көптеген ақыл кеңестерін берді. Сонымен бірге қыздарымыздың киім-кию үлгісі жайлы,үстеріне бүрмелі ұзын көйлек,қапсырмалы қамзол және бұрымды шашбаудың жарасымдылығына да тоқталды. Ата-салтымызды да кеңінен насхаттап өтті.