Мұқағали Мақатаевтың шығармаларына арналған «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты дауыстап оқу онлайн шарасы


Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың шығармаларына арналған «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты дауыстап оқу онлайн шарасы 

Мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, түсіндіру, сезіндіру, шығармашылығының музыкасымен үндесу ерекшелігін, ақынның сөзіне жазылған әндерін көпшілік назарына ұсыну.