«Сырды жырлаған ақын аға» дөңгелек үстел


Сырдария аудандық орталық кітапхананың қызметкерлері Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында туған жердің дарынды ақыны, Сыр елінің мақтанышы Мұхтар Сақтаповтың шығармашылығын халыққа кең көлемде насихаттау мақсатында «Сырды жырлаған ақын аға» атты тақырыпта дөңгелек үстел басында бас қосып, өздерінің жүрек жарды жақсы пікірлерімен бөлісті, алдағы атқарылар жұмыстар жайлы ақылдасты. Өйткені абзал азамат, туған жерін өз туындыларына арқау еткен ақын ағаның шығармашылығы жыл көлемінде «Өлке болып оқимыз» жобасы аясында жүйе кітапханалары бойынша түрлі мәдени-шаралар арқылы насихатталып, оқырман жүрегіне жол тартады. Дөңгелек үстел басында кітапхана қызметкерлері бұл жөнінде тұжырымды ойларын білдіре отырып, ақынның «Көңіл шуағы», «Қайырлы таң, туған жер» атты кітаптарының мәнді мазмұн- мағынасына, ондағы бірнеше тамаша өлеңдері жайында айтып, «Тәуелсіздік таңы», «Туған елім тірлігімнің тынысы», «Ауылым» сынды өлеңдерін жатқа оқыды.