«Сыр елінің сыршыл ақыны» атты жыр сағаты


16.02.21 ж.

«Өлке болып оқимыз» жобасы аясында Сырдария ауданының құрметті азаматы, жергілікті ақын, журналистер одағының мүшесі Мұхтар Сақтаповтың шығармаларын насихаттау мақсатында кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Сыр елінің сыршыл ақыны» атты жыр сағаты өткізілді.

Мақсаты: Ақынның өмір жолымен шығармашылығымен таныстыру, жырларын насихаттау. Ақынның өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіріп оқуға дағдыландыру. Отанды, туған жерді сүюге тәрбиелеу, ақын жырларынан үлгі алу.