Ақжарма ауылдық модельді кітапханасы


Азаматтардың бойында парасаттылық, моральды-этикалық құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ өскелең ұрпақты рухани адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында еліміздің барлық кітапханаларда «Парасат жолы» атты орталықтары ашылуда. Облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының тәжірибесін басшылыққа алып, Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты 15 ауылдық округтерде «Парасат жолы – Адалдық алаңы» атты жобасы бойынша бұрыштар ұйымдастырылып, ашылды. Ашылу салтанатына ауылдың зиялы қауымдары, мекеме басшысы Г. Нұржакиева, мәдениет қызметкерлері, ауылдын белсенді жастары қатысты. «Парасат жолы» орталығы аясында алдағы уақытта қоғамдағы сыбайлас–жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша іс-шаралар өткізіліп, тиімді шешімдер әзірлеу жөніндегі өзара іс-қимылдың, жемқорлық әрекеттерге мүлдем төзбеушілікті қалыптастыратын алаңға айналмақ.