Бүгін Сырдария аудандық орталық кітапхана жанынан ашылған «Коворкинг» орталығында салауатты өмір салтын ұстанған жастар жиналды. Олар кітапхана қызметкерлерінен бұқаралық ойындар туралы кеңінен мәліметтер алып, түрлі ойындар ойнады. Атап өтсек тоғызқұмалақ , шахмат, дойбы, бес асық және қол күресін ұйымдастырды. Өз уақыттарын тиімді өткізген жастар көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.