«Қазақстан біртұтас мемлекет» атты дөңгелек үстел


Сырдария Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен қаңтар айының 11 – жұлдызында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы аясында «Қазақстан біртұтас мемлекет» атты дөңгелек үстел болып өтті. Мақсаты: ата-бабамыздың тәуелсіздік жолында ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына, қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау.Шараны кітапханашы Әлиева жүргізіп Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласының жариялануын,сонымен бірге,бағдар мен белес Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толды. Бұл – қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес деп қатысушы жастарға жеткізді. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Осы тұрғыдан алғанда, бұл – арман-мақсаттарымызды тоғыстырып, болашаққа тың серпінмен қадам басу үшін өткенге тағы бір мәрте оралатын, жетістіктеріміз бен кемшіліктерімізді ой елегінен өткізетін маңызды мәселелерді айтып өтті. Шара соңында қатысушы жастар мемлекетіміздің гүлденуіне атсалысып Қазақстанымыздың өркендеуіне үлес қосамыз ризашылықтарын білдірді.