«ХХІ ғасыр – білім мен біліктің дәуірі» атты зиялы қауім өкілдерімен дөгелек үстел


Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен қаңтар айының 12-жұлдызында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласын талқылау мақсатында «ХХІ ғасыр –білім мен біліктің дәуірі» атты зиялы қауім өкілдерімен дөгелек үстел болып өтті.Мәдени шараны кітапханашы Құлмаханова Раушан жүргізіп, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым- Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы аясында қастерлі Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белестер екендігін және осы аз уақыт ішінде зор жетістіктерге жеткендігі жайлы да айтып өтті.Шараға ауданымыздың ардагер, зейнеткер ұстаз Елеусінов М, кент ардагерлер кеңесінің төрағасы, зейнеткер Келдібаев М қатысып Қазақстан Республикасы Президенті Қасым- Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласын ризашылықпен қолдап Қазақстанның болашағы мен мәдениетінің өркендеуі ХХІ ғасыр – білім мен біліктің дәуірі,әр адам үшін маңызды және «Жастар –қашанда тың идеялардың қайнар көзі,оң өзгерістердің қозғаушы күші»,- деп өскелең ұрпақтарға сенім білдірді.Аудандық тіршілік тынысы газетінің тілшісі Ордабеков Б және шараға оқырман жастарымыз да қатысып өз ойларын ортаға салды.