Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Өткен күрестің жеңісі – Тәуелсіздік жемісі» атты тақырыптық конференция


Сырдария аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Өткен күрестің жеңісі- Тәуелсіздік жемісі» атты тақырыптық конференция өткізілді.Шараның мақсаты: Мемлекет басшысының жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, еліміздің жан-жақты дамуының жемісі мен жеңісін, тарихын дәріптеу.Шара барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдаған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы аясында «Тәуелсіздік – Елбасының ерең нәтижесі», «Тәуелсіздік мәңгілік ел мұрасы», «Тәуелсіздікке жол ашқан – желтоқсан» атты тақырыптар талқыланды.