«Қуатты Тәуелсіз Қазақстан – Мәңгілік ел» атты 6 – бөлімнен тұратын кітап көрмесі


Сырдария Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен қаңтар айының 13- жұлдызында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай «Тәуелсіздік – ұлт рухының бастауы» атты ашылу салтанаты өткізілді. Мәдени шара өткізілетін орында «Қуатты Тәуелсіз Қазақстан – Мәңгілік ел» атты 6 – бөлімнен тұратын кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Мақсаты: Тәуелсіздігіміздің, егемендігіміздің жылдар бойы жүріп өткен жолдарымен артта қалған тарихи белестермен таныстыру. Шараны кітапханашы М. Әлиева жүргізіп, биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толды. Бұл қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата- бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін айқындайтын маңызды белес деп сонымен бірге Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Біз де осындай жолдан өтіп келеміз деп айтып өтті.Мәдени шарада Тәуелсіздіктің төл құрдасы, 1991жылы дүниеге келіп, қазіргі таңда кітапхана саласында қызмет атқарып жүрген Пазылбекова Динара Жеткерген Әбдірейұлының «Замандасқа сыр немесе Тәуелсіздікке тағзым» арнау өлеңін оқырмандар назарына ұсынды. Мәдени шарада ауданымыздың ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбенов Хайрулла ағай,аудандық мәдениет және тілдерді дамыу бөлімінің бас маманы Е.Утебаев,аудандық Тіршілік тынысы газетінің тілшісі Б.Ордабеков және № 35 мектеп-лицейінің жас маман мұғалімдерінің қатысуымен өткізілді. Шара барысында Әбенов Хайрулла ағай Тәулсіздіктің 30 жылдығы ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты — азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!- деп Тәуесіздік мерекесімен құттықтап өтті.Сонымен қатар Шараға қатысушы Кенбаева Гүлнұр «Қазақстан – өз елім»,Омарова Перизат «Тәуелсіздік қиялымның қанаты», Бағила Есенбаева «Тәуелсіздік теңдігім» тағы сол сияқты жастар көптеген Тәуелсіздікке арнау өлңдер оқып, шара соңында тілші Б.Ордабеков кітапхана қызметкерлеріне өзінің алғысын білдірді