ҚР Президенті Қасым -Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы бойынша оқырмандармен дөңгелек үстел


Сырдария аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен қаңтар айының 14 – жұлдызында ҚР Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы аясында дөңгелек үстел өткізіліп насихатталды. Мақсаты: ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласын кейінгі ұрпаққа таныстырып Тәуелсіздікпен бірге түлеген буынның санасын ояту, өмірге жаңа заманға жаңа бетбұрыспен жастарды тәрбиелеу. Шараны М Әлиева жүргізіп Мемлекет басшысы айтқандай қоғам мен тиімді мемлекет құруды көздеп отырмыз. «Таным мен талғам» айдарына арқау болған Тәуелсіздікпен бірге түлеген буынның санасы, көзқарасы, Жаһандану заманында қайта жаңғырған қазақ мемлекетінің азаттығын баянды ету- әрбіріміз үшін маңызды ден сонымен бірге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл басында жаңашыл сипатта сөз түзеген мақаласында қазіргі қоғамның беталысы сипатталған. Ең бастысы Мемлекет басшысы айтқандай қоғам мен тиімді мемлекет құруды көздеп отырмыз. «Таным мен талғам» айдарына арқау болған Тәуелсіздікпен бірге түлеген буынның санасы, көзқарасы, өмір салты өзгеше. Мемлекет басшысы Қазақтың жері ешбір шетелдіктің меншігіне берілмейді, ешқашан сатылмайды. Осыны әр азаматымыз санасына сіңіруі қажет, Қазақ үшін тоқымдай жердің өзі қымбат деп «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы жарыққа шыққаннан бастап ерекше қолдау мен жан-жақты пікір алмасуларға негіз болып отырғандығы жөнінде айтып жеткізді. Тарихқа көз жүгіртсек, әр буын бір сынақты басынан өткерген. Біздің бабаларымыз, аталарымыз алапат ашаршылықты, қуғын-сүргінді, дүниежүзілік соғысты көрді, ұлттық құндылықтарымыздан, тілімізден, дінімізден айрылып қала жаздадық. Тәуелсіздіктің арқасында халқымызға қайта оралды. Сондықтан жаңа заманның жақсы мен жаманын, артықшылықтарын бойға сіңірумен қатар, тамырымызды берік сақтауымыз қажет. Ұлттық болмысымыздан, төл мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізден ажырап қалмау – барлық өркениеттер араласқан аласапыранда құрып кетпеудің бірден-бір кепілі. Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. Ең бастысы, еліміз әлемдік қауымдастықтың белді мүшесі атанды. Бұл – біздің қастерлейтін құндылығымыз.