«Тәуелсіздік – сенің рухани тарихың» атты кең көлемді кітап көрмесі


Аудандық орталық кітапханада ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік – сенің рухани тарихың» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылып, таныстырылды.

Мақсаты: Тәуелсіздік жолындағы күрестерді ғасырлар қойнауына жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір белгісі екендігін түсіндіру. Көрмеге Қ.Аймахан Тәуелсіздік Желтоқсаннан басталады, Тәуелсіздік шежіресі:1991 – 2000 ж. Т.1, Н.Оразалин Азаттық айдыны, Тәуелсіз Қазақстан: күннен күнге.Оқиғалар хроникасы, А.Смайл Тұлға.Ұлт.Тағдыр т.б әдебиеттермен қамтылды.