«Бостандық бізге оңайлықпен келген жоқ» атты дөңгелек үстел


Аудандық орталық кітапханада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы аясында «Бостандық бізге оңайлықпен келген жоқ» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты: Жастарға Егемендігіміздің мәңгілік ұштағаны-Алтайдан Атырауға, Алатаудан Арқаға дейін кең көсілген байтақ жеріміз, ананың ақ сүтімен бойымызға дарыған тіліміз бен барлық қиындықтардан халқымызды сүріндірмей алып келе жатқан береке-бірлігіміз екендігін,, біз осы құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтау керектігін айтып жеткізу.

Дөңгелек үстелге ҚР Журналистер Одағының мүшесі Шаһарбек Нүрсейтов, мәдениет саласының ардагері Сыздықов Шырынхан, ауылшаруашылық маманы Бақытжан Сақатағанов қатысты. Шара барысында Тәуелсіздік жылдарындағы әр күніміз, әр жылымыз ел тарихы үшін аса маңызды оқиғаларға толы болды. Оның ішінде халықаралық деңгейдегі, ұлттық деңгейдегі, аумақтық сипаттағы оқиғалар тарих еншісіне еніп, бәрі де тәуелсіздік жемісі екенін көрсеткендігін, дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір екендігін айтылды.