Сырдария Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік құндылығы» атты дөңгелек үстелі


Сырдария Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен қаңтар айының 20 жұлдызында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы аясында «Тәуелсіздік құндылығы» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты: Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатынынын жастарға айтып жеткізу.

Дөңгелек үстелге Ауданымыздың тұрғындары, кітапхананың тұрақты оқырмандары Т. Айкупешов, Ш. Асербаев, Б. Дабылов т. б. қатысып, өздерінің мақаланы оқып және көңілдерінен шыққандарын айтты. Мақалада отыз жылда Елбасымызбен бірге қандай жетістіктерге жеткенімізді, енді мемлекеттігімізді нығайта түсу үшін не жасау керектігімізге тоқталды. Мемлекет алдында да, ұлттың алдында да жаңа міндет пен жауапкершілік жүктеліп отырғандығы айтылды.