Ыбырай Жақаевтың туғанына 130 жыл толуына орай «Еңбекпен есейген, өнегесімен көркейген» атты портрет кеші


Аудандық орталық кітапхананың ұймдастыруымен екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, күріш өсіруші, егін шаруашылығының даңқты шебері, колхоз құрылысының ардагері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ыбырай Жақаевтың туғанына 130 жыл толуына орай «Еңбекпен есейген, өнегесімен көркейген» атты портрет кеші оқырмандар назарына ұсынылды.

Мақсаты: Жастарды ақ күріштің атасы Ы.Жақаев туралы түсінік бере отырып, патриотизмге, табиғатты сүюге, қорғауға, еңбек сүйгіштікке, Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру,еңбек адамдарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Күріштің бабын тауып, баласындай мәпелеп, дүниежүзілік рекорд жасаған қазақтан шыққан диқан Ыбырай Жақаев көпшілікке танымал.Оның, «Еңбектің көзін тапқан, байлықтың өзін табады» деген қанатты сөздері халық арасында ұранға айналып үлгерді. Қазақтың қарапайым адамы еңбек адамы статусын биікке көтерді.Ол еңбек түбі береке-байлық екендігін дәлелдеді. Ы.Жақаев Ленин орденімен 4 рет, Еңбек Қызыл Ту, «Халықтар достығы» ордендерімен, Бүкілодақтық ауыл шаруашылық және Бүкілодақтық халық шаруашылық жетістіктері көрмелерінің алтын медальдарымен марапатталған.

Шиелі ауданындағы бұрыңғы «Қызыл Ту» ұжымшары, орта мектеп, Қызылорда қаласындағы көше, облыстық емдеу-сауықтыру профилакторийі Жақаев есімімен аталады. Шиелі ауданындағы Жақаев ауылында күріш өсіру тарихы мұражайы ашылған. Қызылорда қаласында Ы.Жақаевқа ескерткіш орнатылған.