Сырдария Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы бойынша дөңгелек үстелі


Сырдария Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге ауданымыздың жастары, кітапхана оқырмандары қатысты. Мақаланың «Ұлағат пен ұстаным» атты соңғы бөлімінде саяси жаңғыру мәселесіне кеңінен тоқтала келіп, елімізде адамның құқығын сақтауға негізделген заң мен тәртіп болу керектігін баса айтады. «Біздің мақсатымыз-келер ұрпаққа Қазақстанды тұғыры мығым, экономикасы қуатты, рухы асқақ мемлекет ретінде табыстау және елдік істерді шашау шығармай лайықты жалғастыратын жасампаз ұрпақ тәрбиелеу» дейді. Ол үшін ХХІ ғасыр – білім мен біліктің дәуірі екендігін, әр адам өзін үздіксіз жетілдіріп, жаңа кәсіптерді игеріп, үнемі заман ағымына бейімделу арқылы ғана бәсекелік қабілетін арттыра алатынына ерекше мән береді.