Ыбырай Алтынсариннің туылғанына 180 жыл толуына орай «Ұстаздардың ұстазы» атты әдеби кеші


Сырдария аудандық орталық кітапхана қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туылғанына 180 жыл толуына орай «Ұстаздардың ұстазы» атты әдеби кешті назарларыңызға ұсынады.

Мақсаты: Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармаларын оқырманға таныстыру. Ыбырай Алтынсариннің шығармалары арқылы жастарды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Ыбырай Алтынсариннің бір алуан өлеңдері әлеуметтік мәселелерге арналған. Бұған «Өсиет өлеңдер», «Әй жігіттер» тәрізді т.б. өлеңдерін атауға болады. Мұндай өлеңдері биік адамгершілік тұрғысынан ұрлық- қарлықты, әділетсіздікті сынап, еңбексіздікті зияндығын көрсетіп, адал- еңбектің адамгершілік мінез- құлығын бейнелейді.Осы орайда кітапхана оқырмандары С.Досмайлова, Ш.Қайратова, З.Шамшибековалар кемеңгер ақын, жазушының «Өзен», «Ананың сүюі» т.б өлеңдерін оқыды. «Ыбырай сөзі – алтынның көзі» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырманға таныстырылды.