«Цифрландыру – ұлттық бәсекеге қабілеттігін арттырудың негізі құралы» атты ақпарат сағаты


Сырдария аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Цифрландыру – ұлттық бәсекеге қабілеттігін арттырудың негізі құралы» атты ақпарат сағаты өткізілді.

Мақсаты: Мәңгілік елдің жалынды жастарына Цифрландыру – Қазақстанның озық ел атану жолындағы басты құралы, бәсекеге қабілеттілікті арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, оқу-тәрбие процесін жеңілдету екенін түсіндіріп өту.

Шара барысынада кітапханашы Р.Құлмаханова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауындағы «Цифрландыру- ұлттың бәсекеге қабілеттігін арттырудың негізгі құралы. Ең алдымен, цифрлы теңсіздікті жойып, барлық азаматты интернетпен және сапалы байланыспен барынша қамтамасыз ету керек» деген сөздерін тілге тиек ете отырып, цифрландырудың тиімді жағын айтып өтті.