Дина Нұрпейісованың туылғанына 160 жыл толуына орай ауданымыздың жастарымен «Күй өнерінің асыл перзенті» атты өнертану сағаты


Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен қазақтың әйгілі күйші композиторы Дина Нұрпейісованың туылғанына 160 жыл толуына орай ауданымыздың жастарымен «Күй өнерінің асыл перзенті» атты өнертану сағаты өткізілді.

Атақты күйші Дина Нұрпейісова бала күнінен-ақ, танымал күйшілердің туындыларын нақышына келтіре орындап, ауыл-аймаққа «домбырашы қыз» атанып кеткен. Балауса қыздың даңқын естіген күй атасы – Құрманғазы оны арнайы іздеп келіп, домбыра тартудың терең сырларын үйретеді. Ұстаз тәлімінің арқасында Дина Нұрпейісова халықтың жүрегіне жететін күйлер шығарып, қазақ елінің мақтанышына айналады.

Мәдени шараның мақсаты: Қасиетті күй өнерінің сәйгүлігі, домбыраның құлағында ойнаған күйші Дина Нүрпейісованың өмірімен таныстыру.Дәулескер күйшінің туындыларын насихаттау, жас ұрпақты күй өнеріне баулу және оларға үлгі-өнеге көрсету. Дина күйлерінің шығу тарихымен таныстыра отырып, өнер адамын құрметтеуге, өнерін насихаттау, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Шара соңында «Аңызға айналған құдіретті күйші» атты кітап көрмесімен таныстырылды.