Аудандық орталық кітапханада «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласынан туындайтын міндеттерді пысықтау мақсатында дөңгелек үстел


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында тәуелсіздіктен тағылым алу керектігін айтты. Президент осы мақаласында елдің көкейінде жүрген, халық күткен мәселелерді қозғап, алға атқарылатын бірқатар іс-шаралардың басты бағдарын құрып берді.

Аудандық орталық кітапханада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласынан туындайтын міндеттерді пысықтау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді. Мақала аясында өткізілген жұмыстарды талқылап, алдағы атқарылар міндеттерді пысықталды.