«Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» атты ой-талқы сағаты


Аудандық орталық кітапханада «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» атты ой-талқы сағаты өткізілді.

Мақсаты: Сыбайлас жемқорлықтың қоғам үшін ең өзекті мәселелердің бірі болып табылатынын және оның кеселі біздің мемлекетімізге әлеуметтік дамуымызды тежейтінін түсіндіру

Сыбайлас жемқорлық — қазіргі заман дерті, ғасыр ағысымен бірге өсіп-өркендеп, қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған мәселелердің бірі.