«Аналар асыл жандар, шуақ болып шашылғандар» атты кездесу кеші


Көктем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Аналар өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. 8 наурыз Аналар мерекесіне орай «Аналар асыл жандар, шуақ болып шашылғандар» атты кездесу кеші өткізілді. Мерекелік кештің қадірлі қонағы, отбасының берекесін арттырып жүрген күміс алқалы ана Мұханова Индира ұл –қыздарымен қатысты. Мерекелік кештің ажарын ашқан қонағымыздың балалары Дидар, Бекзат, Нұржігіт, Гауһар аяулы, асыл аналарына арнап өлең, тақпақтарын айтып, гүл щоқтарын ұсынды.Мекеме басшысы Г.Сансызбайқызы кең пейілді, жарқын жүзді ана Индираға аналар көктемнің мерекесімен құттықтап, сый-сияпат ұсынды.